6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстана әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылында көпір салу барысы туралы айтып берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Биыл Тәуелсіздік даңғылында Есіл өзені арқылы өтетін автомобиль көпірін ашамыз. Аталмыш көпірдің құрылыс барысымен таныстым, ол көлік қозғалысын едәуір жылдамтады: Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы аумағы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Әзірет Сұлтан мешіті, Байтұрсынов, Қордай, Айнакөл көшелері, Момышұлы даңғылы және сол жағалау арасында қосымша байланысты қамтамасыз етеді. Көпір құрылысының қарқынын арттыруды міндеттедім, - деп жазды Жеңіс Қасымбек.
Көлік нөпірін жеңілдету үшін жаңа көшелер, жолдар мен көпірлердің салынуы жобалануда.
Аудандар мен коммуналдық қызметтерге қар күреу жұмысын күшейтуді тапсырдым. Ауа райының құбылмалылығын, оның ішінде температураның төмендеуін ескерер болсақ, қозғалысы қарқынды учаскелердің, әлеуметтік нысандарға кірер жолдардың, тротуарлардың, аялдамалардың қарын күреуге ерекше назар аудару қажет, - деп жазды елорда әкімі.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі