Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстанадағы «Beeline Арена» орталығында «Бірге мықтымыз!» атты қалалық қауымдастық фестивалі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Елордадағы Алматы мен Нұра ауданынан жиылған би өнерпаздары келушілерге мәдени кеш сыйлап, ерекше қойылымдарымен көрермендерін тәнті етті. Концерттік бағдарламада аудан ардагерлерінен құралған би топтары түрлі ұлттық би билеп, өнер көрсетті. Айталық, бірнеше халықаралық конкурстардың жеңімпазы, Нұра ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің «Қыздарай» би тобы қазақ даласының сұлулығына жетелейтін, ұлттық нақышты көрсететін «Тамаша» биін орындады. Ал Алматы ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің бишілері махаббат пен үйлесімділіктің символына айналған «Звездный вальс любви» биін көпшілікке ұсынды.
Мұнымын бірге Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әніне ұлттық өнер мен заманауи хореография үйлескен қойылым ұсынылса, артынша «Танец выходного дня» биі биленді. Қазақтың көнеден жеткен қазынасы «Қара жорға» биі жиналушылардың қошеметіне бөленді. Фестиваль аясында ұйымдастырушылар «Айкуне» шеберлік сабағын өткізді. Аталған гимнастика адам ағзасындағы энергетикалық тепе-теңдікті қалпына келтіреді.
Бұл гимнастика барлық санаттағы адамдарға пайдалы. Яғни қан айналымын, тыныс алуды, және буындардың қозғалысын жақсартады. Денені шынықтырады, стрессті азайтады, және рухани серпіліс береді. Әрі қазақ халқының салт-дәстүрін, көшпенді философиясын ұлықтайды. Жалпы Айкуне жай қимылдардан тұрады, асықпай, терең тыныс алу арқылы жасалады. Табиғатпен үйлесімділікті сақтай отырып, көбіне таза ауада орындалады, - дейді Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, Әлеуметтік қызметтерді ақпараттық ілгерілету бөлімінің басшысы Меруерт Нұрғалиева.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек