22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында құрылыс сапасына бақылауды күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар жөнінде спикерлер БАҚ сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
«Елордада құрылыс қарқынды және бейберекет салынып жатыр. Қазір осыған қандай да бір шектеулер бола ма? Кәріз жүйелері және басқа да коммуникация қысымды көтермейді ғой. Осы тұрғыдан қандай жұмыстар атқарылып жатыр» деп журналист сұрақ қойды.
Аталған сауалға қала құрылысы және тұрғын үй коммуналдық саясаты департаментінің құрылыс саласын дамыту басқармасының басшысы Ерлан Құлышев қазіргі уақытта мұндай проблемалық мәселенің барын жоққа шығармады.
Бірақ қазір шешіліп жатыр. Жер кодексіне біз бірнеше түзетулер енгіздік. Қазіргі жерлер енді инженерлік желісіз ешкімге берілмейді, – деді Ерлан Құлышев.
ҚР ЖПҚ Құрылыс істері және ТКШ комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Жүнісбеков құрылыс сапасына бақылауды күшейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтып берді. Оның айтуынша, 2020 жылдан бастап комитет сәулетшілерге түрлі бұзушылықтар үшін 218 әкімшілік хаттама шығарған.
Сапалы қала жоспарлауды қамтамасыз ету, заңсыз хаотикалық және нүктелік құрылыс салуға жол бермеу үшін биылғы 5 сәуірде қол қойылған жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрын енгізу жөніндегі заң шеңберінде бірыңғай қала құрылысы сараптамасы енгізіледі. Тиісті өзгерістер 2024 жылғы қаңтардан бастап күшіне енбек.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев