6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАстанада 6 айдан 10 айға дейінгі балаларға қызылшаға қарсы қосымша вакцинация жүргізіле бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, вакцинация қаланың барлық МСАК ұйымдарында жүргізіледі.
Екпе алу үшін қала тұрғындары тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгінуі қажет. ҚЖИ (қосымша жаппай иммундау) үшін егу кабинеттері жұмыс күндері сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Иммундау жүргізілмес бұрын дәрігер пациентпен қызылшаның алдын алуы бойынша ақпаратпен, екпеден кейін болуы мүмкін ағзадағы реакциялар бойынша түсіндірме жұмысын жүргізеді.
ҚЖИ – қызылшаға қарсы қосымша жаппай иммундау қажеттілігі, елімізде және Астана қаласында қызылшамен сырқаттанушылардың өсуіне байланысты туындап отыр.
Науқастардың көпшілігі жас балалар.Мұның себебі ата-аналардың вакцинациядан бас тартуы, негізсіз медициналық шеттетулер, егілу мерзімін кейінге қалдыру. Қызылша инфекциясынан қорғалмағандар – 6 айдан 11 айға дейінгі кішкентай балалар. Бұл жастағы балаларды омырау сүтімен берілетін аналық иммунитет қорғамайды және дәл осы балалар екпе жасына әлі жетпеген. Себебі қызылшаға қарсы жоспарлы түрде егілу 1 жастан басталады, - деп хабарлады Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі