29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАстанадағы ҚР Ұлттық архивінде халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Әйелдің әсем әлемі» атты мерекелік шара өтті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі
Шара барысында жазушы, драматург, профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Роза Мұқанованың, танымал театр және кино артисі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ Ұлттық Өнер университетінің профессоры Ләйлә Ақназарқызы Бекназардың және Биологиялық қауіпсіздік саласындағы көрнекті ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик Күнсұлу Дальтонқызы Закарьяның жеке қорларын Ұлттық архив қорына қабылданды.
Іс-шараға Қазақ КСР еңбек сіңірген артисі, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің кавалері Меруерт Өтекешова, Қазақстан халық артисі, Құрмет орденінің иегері Тілектес Мейрамов, Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының директоры Айболат Жаудыр, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профессор Асылхан Сәулебек, ҚР мәдениет қайраткері Шамшия Балтаева, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасының директоры Ғазиза Құдайберген және басқа да қоғам және мәдениет қайраткерлері, Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымы қатысады
Сонымен қатар, іс-шара барысында үш кейіпкердің жеке тектік қорларынан құралған көрме ұйымдастырылып, олардың өмір жолына арналған шағын бейнебаяндар көрсетіледі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек