23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астанада полиция қызметкерлері бөтеннің көлігін айдап әкеткен адамды ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шағымданушының айтуынша, мереке күндері ол жаңа жылдық сыйлықтарды жеткізіп жүрген. Клиенттердің үйіне бірнеше минутқа кіріп шыққан ер адам автокөлікті қосулы күйінде қалдырып отырған. Келесі бір жеткізілімнен кейін подъездден шыққанда ол өзінің Nissan Cefiro көлігінің жоғалып кеткенін байқаған. Осыдан кейін ер адам дереу полицияға хабарласқан.
Тексеру барысында анықталғандай, ер адам мас күйінде қосулы тұрған автокөлікті көріп, еш кедергісіз айдап кеткен.
Патрульдік полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру нәтижесінде оны тез арада ұстап алды. Қазіргі уақытта бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік