23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕлордадағы автобустарда көлік карталарын шығару және қайта шығару бағасы өседі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Компания 3 қаңтардан бастап «TRANSCARD» көлік карталарының құны өзгеретінін хабарлады. Дербестендірілген көлік карталарын бастапқы шығару құны – ҚҚС-пен бірге 1000 теңгені (бұрынғы бағасы 800 теңге), қайта шығару құны ҚҚС-пен бірге 2000 теңгені (бұрынғы бағасы 1500 теңге) құрайды. Дербестендірілмеген көлік карталарының құны – ҚҚС-пен бірге 1000 теңге болады.
«Бағаның өсу себебі көлік карталарының сатып алу құнының едәуір өсуіне байланысты. Сонымен қатар биыл қолданыстағы жабдықтың тозуына байланысты көлік карталарын басып шығару жөніндегі мамандандырылған касса жабдығын жаңғырту жүргізілді», делінген Сity Transportation Systems таратқан ақпаратта.
Айта кетейік, 2020 жылдың наурыз айынан бастап елорданың барлық кәмелетке толмаған тұрғындары үшін қоғамдық көлікте жүру тегін. Сапар кезінде көлік картасын растау қажет. Бұл жолаушылар ағынын көруге және басым бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады