7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?
Жиналған көрермендер алдында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаттары, халықаралық және республикалық конкурстардың жеңімпаздары сөз сөйледі.
«Бүгінгі мереке-әрбір қазақстандық үшін өте маңызды және мәртебелі күн. Біздің Конституция-қазақ халқының тарихи жеңісін, армандары мен мүдделерін заңды түрде бекіткен, бүкіл әлемге Қазақстан деп аталатын еркін елдің өмір сүруін ашқан беделді құжат. Елорда тұрғындары мен қонақтарына тамаша шығармашылық кеш сыйлай алғанымыз үшін қуаныштымыз. Біздің Конституциямызға бағынып, шындықты айта алатын ұрпақ өссін», - деді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Светлана Айтбаева.
Сахнада Қазақстанда дүниеге келген үздік шығармалар орындалды. Олардың қатарында Евгений Брусиловскийдің «Шашу», Нұрғиса Тілендиевтің «Алатау», Алтынбек Қоразбаевтың «Қазақстан» және тағы да басқалары бар.
«Концерт өте ұнады, ұйымдастыру жоғары деңгейде. Халық әндері мен ностальгия үшін рахмет! Баршаңызды Конституция күнімен құттықтаймын, баршаңызға денсаулық, бақыт және жұмыста табыс тілеймін», - деді елорда тұрғыны Ләззат Ержанова.
Әртістердің жарқын және әсерлі қойылымдары ешкімді бей-жай қалдырмады. Ал әрбір номер ду қол шапалақпен сүйемелденді.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?