Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстанада 27 қыркүйекте Радио қызметкерлерінің күніне орай «Асыл мұра» этнофестивалі өтеді. Сағат 12:00-17:00 аралығына жоспарланған бірегей іс-шараны «ҚАЗАҚСТАН» телерадиокорпорациясына қарасты «Қазақ» радиосы мен «Jeti qazyna» этнопаркі ұйымдастырып отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, іс-шараның мақсаты – ғасырдан астам тарихы бар «Қазақ» радиосының ұлтымыздың тек дәстүрлі өнері – ән мен күйді ғана емес, сонымен бірге ұлттық қолөнердің насихаттаушысы, төл мәдениетіміздің үгіттеушісі ретіндегі рөлін айшықтап, зергерлер мен ұсталар соғып, талайды тамсантқан әшекей бұйымдарды кеңінен көрсету, бабадан қалған асыл мұраларымыздың бағасын асырып, Астана тұрғындары мен қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлау. Бұдан бөлек, саятшылықтың қыр-сырын көрсетіп, өскелең ұрпаққа Ұлы даланың ұлағатын ұлықтау.
этнофестивальде атпен серуен, бүркіт пен тазылар шоуы, этно-дефиле мен ұлттық би және түрлі қызықты байқау ұйымдастырылып, «Үздік ұлттық киім», «Ең ұзын бұрым», «Үздік этнокартина» мен «Үлгілі отбасы» номинациялары бойынша жеңімпаз атанғандарға бағалы сыйлықтар табысталады. Сондай-ақ текемет-шоу, киіз үйлер, ұлттық тағамдар мен сусындар, қымызмұрындық, қолөнер жәрмеңкесі және эстрада әншілерінің қатысумен гала-концерт өтеді. Шара қонақтары ретінде Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Бағдат Сәмидинова, Астана қаласы әкімдігінің «Наз» мемлекеттік би театрының ұжымы, «Бәйтерек» тобы, Медет Салықов және Клара Төленбаева, Зарина Омарова, Нұрболат Арзамасұлы және т.б.өнерпаздар өнер көрсетеді, - делінген мәліметте.
«Асыл мұра» этнофестивалі Астана қаласындағы «Jeti qazyna» этнопаркінде өтеді, кіру тегін. Ұйымдастырушылар бағалы сыйлықтар, соның ішінде екі адамға арналған Түркияға (Ыстамбұл) жолдама ойнатылатынын айтты.
Анықтама
2021 жылғы 13 тамызда ҚР Үкіметінің Қаулысымен 1 қазан Радио қызметкерлері күні болып жарияланды. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ радиосының 100 жылдығын мерекелеу аясында 1 қазанды Радио қызметкерлері күні деп белгілеуді ұсынған еді. Жалпы елімізде радиохабар тарату тарихы 1921 жылдың қазан айынан басталады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?