Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстананың Орталық саябағында 13 шілде күні ауқымды спорттық шара – ASTANA TRIATHLON half турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz интернер порталы.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, триатлонға қатысушылар үш кезеңнен тұратын қашықтықты еңсеруі тиіс: жүзу – 1,9 шақырым, веложарыс – 90 шақырым және жүгіру – 21,1 шақырым.
Астана қаласының триатлон федерациясы елорда әкімдігінің қолдауымен ASTANA TRIATHLON half атты ауқымды спорттық шараны ұйымдастырып отыр. Бұл – елордалықтар мен қала қонақтарына арналған, сондай-ақ Қазақстанның өзге өңірлері мен жақын шетелдерден қатысушылар тартылатын жартылай темір адам қашықтығындағы жарыс. Қатысушылардың қауіпсіздігі үшін транзиттік аймақтар мен жедел жәрдем көліктерінің кезекшілігі қарастырылған, – деді Астана триатлон федерациясының бас хатшысы Жанат Қожахметов.
Триатлонды танымал ету және дамыту мақсатында жарыс бағдарламасына Age Group санатындағы спортшылар арасындағы старттар да енгізілген. Олар HALF (половинка) қашықтығында бақ сынайды: 1,9 км жүзу, 90 км велоэтап және 21,1 км жүгіру. Age Group санатына кіретін ерлер мен әйелдер келесі жас топтары бойынша сынға түседі: 18-29 жас, 30-39 жас, 40-49 жас, 50-59 жас және 60 жастан жоғары. Сонымен қатар ерлер, әйелдер және аралас құрамдағы эстафеталық командалар да жарыс жолына шығады.
Жас ерекшелігі мен жынысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен дипломдар табысталады.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?