22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАстанада өткен жартылай марафонға екі мыңға жуық адам қатысты, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Жарысқа қатысу үшін Астанаға Ұлыбритания, Нидерланды, АҚШ, Польша, Ресей, Украина және Қазақстанның 30-дан астам қаласының тұрғындары келді.
Шарт бойынша марафонға қатысушылардың жасы 16-дан 75 жасқа дейінгі аралығында болды. Жарысқа Астана әкімінің орынбасары Еран Бекмұрзаев та қатысып, Astana half 2023 марафонындағы жүгірушілердің қатарына қосылды.
Жүгірушілер 21.1 км және 5 км қашықтықтың бірін таңдады. Бұл жаңадан бастаушылар үшін тамаша бастама болып отыр. Сонымен бірге, тәжірибелі спортшылар үшін 3 қыркүйекте өтетін Astana Marathon 2023-те 42.2 км марафондық жарысқа дайындық істетті деуге болады.
Astana half 2023 ережесіне сәйкес, марафонға 18 жастан асқандар 21.1 шақырымға және 16 жастан асқандар 5 км-ге дейін барлық ниет білдірушілер тіркелген. Сондай-ақ, 21,1 шақырымдық маршрут бойынша жүгіргендерге су, жеміс-жидек және арнайы гель ұсынылды.
Аталған спорттық іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Astana Marathon Events компаниясы ұйымдастырып отыр.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев