15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыЕлордада 15 сәуірде «Astana Bike» велопрокатының жаңа маусымы басталды. Бұл туралы CTS-ке сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Велосипедтер мен билеттерді сатып алу 15 сәуірде таңғы 9:00-ден бастап қолжетімді. Қала бойынша барлығы 136 станцияда 700-ге жуық велосипед бар. Станциялардың орналасқан жерін Velobike.kz сайтынан көруге болады. Қосылуына қарай белсенді велостанциялар көк түспен боялады.
Биыл велостанциялар мен велосипедтердің сыртқы дизайны жаңартылуда. Ол елордамыздың қоғамдық көлігінің дизайнымен үйлеседі.
Велосипедтерді пайдалану үшін www.velobike.kz сайтына тіркелу қажет. Сондай-ақ, сайтта велостанцияларды қарауға, абонементтерді сатып алуға және велопрокат бойынша қажетті ақпаратты білуге болады.
Айта кетейік, веложалдау пайдаланушыларының жеңілдетілген санаты үшін маусымдық және тоқсандық абонементтерге 50% жеңілдік қарастырылған. Ол үшін velobike.kz сайтындағы жеке кабинетте жеңілдікті растайтын зейнетақы куәлігін немесе оқу орнынан анықтаманы (студенттер үшін) тіркеу керек.
Велосипедті жалға беру жүйесі 24/7 қолжетімді.
15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары15 Қазан, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады