12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікБүгін Астана қаласында ашық аспан астындағы музей жазғы маусымға орай ашылды. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені макеттер арқылы Астана, Алматы, Шымкент секілді республикалық маңызы бар қалалар мен еліміздің өзге де өңірлерін шағын етіп көрсетеді.
Жиырма жылдан астам тарихы бар мәдени орыннан еліміздегі көрнекті ғимараттар мен өңірлердің табиғатын тамашалауға
болады.
Кешен Маңғыстау өңірінен басталып, Қызылорда облысынан аяқталады.
Еліміздегі 17 облыс, 3 қала және 49 көлді тамашалауға шамамен 1 сағаттай уақыт кетеді.
Бүгін «Жанұя» отбасы институын қолдау орталығынан «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориальды кешеніне экскурсияға 100-ден аса көпбалалы отбасы, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар және мүгедектігі бар балалар мен ата-аналар келді. Олар еліміздің сәулет өнерімен, тарихи және мәдени ескерткіштерімен танысып жатыр, - деді «Астана қаласының Бірлескен мұражайлар басшысының міндетін атқарушы Самат Тергембаев.
Мұнда экскурсоводтар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жүргізеді.
Мемориалдық кешен күн сайын таңғы сағат 9:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Ал әр аптаның дүйсенбі күні демалыс.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер