30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЕлорда күніне орай «Алатау» спорт сарайының жанындағы алаңда Ақбұлақ өзенінің жағалауы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараның ерекшелігі – кез-келген адам өз тілегін білдіре алатын алғыс тақтасы қойылған. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл тақтайға ата-анаға, балаларына, жұбайына, қалаға, әлемге «рақмет» деп жазуға болады.
Мұндай іс-шаралардың ашық аспан астында өткені керемет. Біз жақын жерде тұрамыз. Жалпы, маған Елорда күні ұнайды, қала күн санап өзгеруде, көптеген қызықты іс-шараларға баруға болады, дегенмен бұл ылғи да мүмкін емес», - деп бөлісті астаналық Александра Феоктистова.
Айта кетейік, биыл Ақбұлақ өзенінің жағасында Амман көшесінен Тәуелсіздік даңғылына дейін асфальт төселді, балалар ойын алаңы мен workout-аймақтар, көпір астындағы жаяу жүргіншілер өткелі жабдықталды. Сондай-ақ мұнда 25-тен астам орындық пен қоқыс тастайтын жәшіктер, 20-дан астам жарықтандыру тірегі орнатылып, 90-нан астам ағаш отырғызылды.
Маған Астанамыздың барынша көркейгені ұнайды. Бүгін қаламыздың 25 жылдығы атап өтіліп жатыр. Бұл мереке балалар мен ересектерге ерекше көңіл-күй сыйлайды, ал жағалау маңайы айтарлықтай өзгерді, - деп Арман Кеңесов әсерімен бөлісті.
Сондай-ақ Байқоңыр ауданында өткен іс-шарада меценаттар әлеуметтік осал топтардың балаларына маусымдық киім сатып алуға сертификаттар табыс етті.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды