Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліЕлордада Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтті, деп хабарлады El.kz ақпарат агенттігі.
Астана әкімдігінің мәліметінше, бұл – Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шаралардың бастауы. Алдымен қазақтың батыр қызы Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, соңыра әскерилер мен жиналған жұртшылық сұрапыл соғыста қаза тапқан жауынгерлерді бір минуттық үнсіздікпен еске алды.
Іс-шараға қатысқан генерал-майор Алсай Жұманов жеңіске жетуге жауынгерлермен қатар бүкіл халық жұмылып, көмек көрсеткенін атап өтті.
Бүгінгі жиын Жеңістің 80 жылдығына және Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толуына байланысты өтіп отыр. Мұндай іс-шаралар келер ұрпақты батырларымызды құрметтеуге үйрету мен тарихымызды ұмытпауына ықпал етеді деп ойлаймын, - деді Астана қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі запастағы полковник Ғани Артықов.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс