23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіЕлордада алғаш рет боччадан инклюзивті турнир өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елордада боччадан алғаш рет ұйымдастырылған бұл сайысқа белгілі спортшылар, сарапшылар және БАҚ саласының білікті мамандары қатысты. Олар, ерекше жандармен бірігіп, 8 командаға бөлініп, өзара сайысты. Парламент Сенатының Төрағасы – Қазақстан бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев ерекше қажеттіліктері бар азаматтарды қолдау және кедергісіз орта қалыптастыру еліміздің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы инклюзивті даму мәселелеріне әрдайым баса мән беріп келеді. Әділетті Қазақстан дегеніміз де баршаға тең мүмкіндік жасауға табан тірейтіні анық. Осы ретте боччадан өтіп жатқан осындай сайыстар Қазақстанда инклюзивті қоғам құруға өз үлесін қосып отыр деп айтуға толық негіз бар. Алдағы уақытта да бәріміз бірлесіп, үлкен нәтижелерге қол жеткіземіз деп сенемін, – деді Мәулен Әшімбаев.
Сенат спикері Қазақстанда боччаның қолға алынғанына көп уақыт өтпесе де бірқатар жетістіктерге жетіп жүргенін айтты. Оған қоса, ол инклюзивті қоғамды дамыту үшін осы қарқынды жоғалтпай тиісті жұмысты жалғастырудың маңыздылығына және бұл бағытта Сенат заңнамалық деңгейде қажетті қолдау көрсетуге дайын екеніне назар аударды.
Қазіргі таңда еліміз бойынша 20-дан астам бочча үйірмесі жұмыс істейді. Ол жерлерде 150-ге жуық ерекше қажеттілігі бар спортшы жаттығады. Биыл біз ұлттық құрамамызды жасақтадық. Құрама халықаралық жарыстарда еліміздің намысын қорғайды. Спортшыларымыздың ірі сайыстарға қатысуының өзі үлкен жетістік. Сондай-ақ бұл – әр адамның өз мүмкіндіктерін іске асыруына жол ашатын толық инклюзивті қоғам құру ісіндегі маңызды қадам, – деді Мәулен Әшімбаев.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады