30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстанада Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкалық драма театрында аса көрнекті жазушы, Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың 85 жылдығына арналған «Кемел тұлға келбеті» атты халықаралық форум өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әбіш Кекілбаевтың өнегелі өмірі тек жазушылықпен шектелмейді. Ол – мемлекетшіл қайраткер, ел болашағына адал қызмет еткен саясаткер, парасаттылық пен жауапкершіліктің символы. Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушылардың қатарында тұрып, ол өз бойындағы асқақ рух пен терең білімді ел игілігі үшін сарп етті. Әбіш Кекілбаев бізге болмысы биік тұлғаның қандай болуы керектігін көрсетті. Оның қалдырған өнегесі – мәңгілік. Ендігі міндет – осы мұраны сақтап, дамыту, Әбіш әлемін жаңа заманмен үйлестіру, - деп жазылған құттықтау хатта.
Халықаралық форум аясында жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Әбіш Кекілбаев әлемі» атты фото және кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жазушының қолжазбалары, публицистикалық мақалалары, кітаптарынан 150-ге жуық еңбек, шығармашылық жолын бейнелейтін 20-дан астам фотосурет қойылды.
Іс-шара барысында қаламгердің «Дәурен кешкен» кітабының және түрік тіліне аударылған «KUY» кітабының таныстырылымы өтті. Форум соңында Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық театры Әбіш Кекілбаевтың «Шыңырау» әңгімесінің желісімен қойылған спектакльді тамашалады.
Айта кетсек, биыл еліміздің әр түкпірінде заңғар жазушының мерейтойына арналған кешенді іс-шаралар өткізіліп жатыр. Кейінгі төрт айдың өзінде әдеби кештер, кеңейтілген кітап көрмесі, әдеби сағаттар, т.б. сияқты 40-тан астам іс-шара өткізілген.
Айталық, 27 қыркүйекте Маңғыстау облысында өткен Халықаралық «Әбіш оқулары» конференциясы, «III Халықаралық Әбіш Әлемі театр фестивалі» өтті. Театр фестиваліне отандық 5 театр мен шетелдік 5 театр ұжымы қатысып, Әбіш Кекілбаев шығармаларының сахналық нұсқасын қала тұрғындарына ұсынды.
Сондай-ақ, 6 желтоқсанда «Qazaqstan» телеарнасында Әбіш Кекілбаевтың өміріне арналған «Дәуір даналары» бағдарламасы, «Abai TV» «Жәдігер» бағдарламасы эфирге шығады.
8 желтоқсанда «Хабар» телеарнасында «Әбіш Кекілбаевтың замана лебі» атты деректі фильм көрсетілмек.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды