22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҰлы ақын Абайдың 180 жылдығына орай Астана қаласындағы №101 орта мектепте елорданың 5000-ға жуық оқушысы «Желсіз түнде жарық ай» әнін бірге орындады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Рухани іс-шараның мақсаты – қазақстандықтарды Абай Құнанбайұлының мерейтойымен құттықтап, ұлы ақынның шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау.
Бұл іс-шараға елордадағы №17, 45, 59, 71, 78, 79, 87, 89, 90, 97, 99, 100, 101, 111 мектептерінің оқушылары, сондай-ақ №1 балалар музыка мектебі, Роза Бағланова атындағы №2 балалар музыка мектебі, Ермек Серкебаев атындағы №3 балалар музыка мектебі, Тәттімбет атындағы №1 балалар өнер мектебі, №2 балалар өнер мектебі және Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының тәрбиеленушілері қатысып, ақынның танымал әнін асқақтата шырқады.
Бес мыңға жуық оқушының бәрі «Абай-180 жыл» деген жазуы бар футболка киіп, әнді орындап біткен кезде қолдарына ұстаған көк қағаздарды жоғары көтеру арқылы, жоғарыдан қарағанда көрінетіндей етіп, «Абай» деген жазуды шығарды.
Еске сала кетейік, 10 тамыз – ұлы қазақ ақыны, ағартушы және философ Абай Құнанбайұлының туған күні. Астанада ұлы ойшылдың 180 жылдығына арналған ауқымды іс-шаралар жыл басынан бері өткізілдi. Білім, мәдениет, спорт және басқа да салаларда 140-тан астам түрлі шара ұйымдастырылды.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев