Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыЕлордада жол ережесін бұзған 4 мыңға жуық мопед және самокат жүргізушілері анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жазғы кезеңнің басталуымен елорда жолдарында мопедтер мен самокаттарды басқаратын жүргізушілер көбейді, олар көп жағдайда ҚР жол қозғалысы ережелерін бұзады. Осыған байланысты Астана қаласы ПД полиция қызметкерлері мопед жүргізушілері тарапынан бұзушылықтың жолын кесуге бағытталған тұрақты негізде рейдтік іс-шаралар жүргізуде.
Жыл басынан бері полицейлер 2900-ге жуық мопед жүргізушілері мен мыңнан астам самокат жүргізушілерін әкімшілік жауапкершілікке тартты. Мыңнан астам мопед пен 150-ден астам самокат коммуналдық тұраққа қойылды.
Мопед жүргізушілерінің қатысуымен 99 ЖКО, электр самокат жүргізушілерінің қатысуымен 9 ЖКО тіркелді. Мысалы, кәмелетке толмаған 16 жастағы жасөспірім Момышұлы даңғылының қиылысында Майлин көшесінде мопедпен келе жатып, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтіп, Hyundai Accent автокөлігімен соқтығысуға жол берген. ЖКО салдарынан кәмелетке толмаған жүргізуші мен мопед жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта тексеру жүргізіліп жатыр.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары