22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыАстанада биыл 200-ге жуық мектеп оқушысы жұмысшы мамандығы бойынша диплом алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2023 жылы техникалық және кәсіптік білім беруде колледждер базасында жоғары сынып оқушыларының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында пилоттық жоба іске қосылған. Онда таңертең мектепте сабақ оқитын оқушы түстен кейін қайта кәсіби білім беретін арнайы оқу орынына барып білім алады. Бағдарламаның ерекшелігі жоғарғы сынып оқушысы мектепте білім алумен қатар бір мамандықты игеріп, оқуды бітіргеннен кейін атестатпен қоса диплом алады. Оқу жүктемесінің мөлшері күніне төрт сағаттан аспайды. Білім алу үшін оқу уақытының көлемі кемінде 48 кредитті құрауы тиіс. Оқу мерзімі – 1 жыл 5 ай. Пилоттық жоба аясында елордада үш мемлекеттік колледж таңдап алынды.
Бүгінде 156 оқушы «Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсетіп жөндеу және пайдалану», «Тігін өндірісі және киім дизайны», «Аспазшы» мамандықтарын оқып, практикалық тәжірибеден өтіп жатыр. Биыл мамыр айында жобаның алғашқы білім алушыларына колледж дипломы табысталады. Астана қаласының білім басқармасы, колледж және мектеп әкімшілігі, ата-аналар әр ай сайын балалардың оқу үлгеріміне бақылау жасау мақсатында мониторинг жүргізеді. Айта кетейік, жұмысшы мамандықтар жылына орай пилоттық жобаның ауқымы кеңейтіледі.
Биыл қала колледждері 300-ден астам оқушы қабылдап, тігінші, наубайшы, аспаз, шаштараз, флорист, мобильді өндіріс маманы, электр газ салушы мамандықтары оқытылады деп жоспарланып отыр.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев