12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАстана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы Ақбұлақ өзенінен Есіл өзеніне су ағызу жұмыстарын бастады. Бұл іс-шаралар Ақбұлақ өзенінің түбін көпжылдық шөгінділерден одан әрі тазарту үшін қажет. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ағымдағы жылдың қыркүйегінен бастап 2024 жылдың сәуіріне дейін түбін тұнба шөгінділерден тазарту жұмыстарын жүргізетін болады.
Осы жылдар ішінде Ақбұлақ өзені қала тұрғындары мен жастардың демалыс орындарының біріне, спортпен шұғылдануға және ескек есуден жарыстар өткізуге арналған орынға айналды.
Мұндай көлемдегі ағынды тазарту 20 жылда алғаш рет жүргізілуде. Түбінің лайлануы су қоймасының батпақтануына, жағымсыз иістің пайда болуына әкелуі мүмкін.
Сондықтан ағынды тазарту қалыпты экобалансты сақтауға ықпал ететін маңызды оқиға болып табылады.
Елорда тұрғындары мен қонақтарынан атқарылып жатқан жұмыстарға түсіністікпен қарауды сұраймыз. Ақбұлақ өзенінің су балансы түбін тазалау жұмыстары аяқталғаннан кейін міндетті түрде қалпына келтірілетін болады.
Ақбұлақ ағынында өткізілетін барлық іс-шаралар тек су айдынының сапасын жақсартуға, оның экологиялық жағдайын, флорасы мен фаунасын қалпына келтіруге бағытталған.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер