Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыҚыс басталғалы елорда көшелерінен 890 мың текше метр қар шығарылды, бұл 67 мыңнан астам рейсті құрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қаңтардың 1-інен 2-сіне қараған түні елорда көшелерінен 30 654 текше метр қар немесе 2 204 рейс қар шығарылды.
Қала тұрғындарының қозғалысын қамтамасыз ету мақсатында коммуналдық қызмет тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Астана көшелерін қардан тазартуға 1500-ден астам арнайы техника мен 2 500-дей жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Елордада бірнеше жабдықталған қар полигондары бар. Олар жүк көліктерінің нөмірлерін оқу жүйесімен жабдықталған. Ол жерде бейнебақылау камералары орнатылып, жарықтандыру қосылған.
Елорда тұрғындары мен қала қонақтарын жолда абай болуға, жол ережесін сақтауға және алыс сапарға шықпауға кеңес береміз, - делінген мәліметте.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар