28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАстанада қар тазалау ауысым бойынша тәулік бойы жұмыс жалғасуда. Коммуналдық қызметтер қар тазалығымен күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, 16 қарашада күндізгі ауысымда қаланы қардан тазартуға 1,4 мыңға жуық арнайы техника мен 2,4 мыңнан астам жол жұмысшысы шықты.
15 қарашадан 16 қарашаға қараған түні елордадан ауыр жүк көлігімен 1 987 рейс 25 мың текше метрден астам қар шығарды. Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға 25 мыңнан астам рейс, 317 мың текше метрден астам қар жеткізілді.
Ең алдымен, ережелерге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін өте қарқынды қозғалыс аймақтары тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер-алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. орындар қардан тазартылады, - делінген мәліметте.
Орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалауда басымдыққа ие.
Елордада бірнеше жабдықталған қар полигондары жұмыс істейді. Олар самосвал техникасының нөмірлік белгілерін оқу жүйесімен жабдықталған, мұнда бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.
28 Қыркүйек, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?