23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАстаналық цирк ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, 3 желтоқсан мен 18 желтоқсан аралығында көрерменге «Жібек жолы» атты мерекелік қойылым ұсынып отыр.
Қойылымға әуе гимнастары, ерекше жанрдың артистері, «Ат үстінде хула-хуппен гротеск», «Томирис» балет-цирк нөмірі енгізілген.
Бағдарламада көңілді клоундар мен иттер, түйелер, аюлар, Джуди атты ақылды маймыл көрермендердің көңілін көтереді.
Тақырыптық қойылым үшін арнайы костюмдер тігілген. Ал, шара кезінде цирк манежі ғажайып декорациямен және жарықпен безендіріледі.
«Жібек жолы» мерекелік қойылымында Ұлы Жібек жолының тағылымды тарихы театрландырылған және цирк көрсетілімдерінде көрініс тапқан.
Бағдарламада елорда циркінің кәсіпқой әртістері өнер көрсетеді.
Анықтама телефоны: 24 40 59.
Дереккөз: Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады