1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді21 сәуірде «Астана Жастары» ЖРО жұмыс іздеп жүрген ЖОО түлектері мен елорда жастары үшін бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде жастарды қолдау, олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу қажет екенін бірнеше рет атап өткен еді.
2022 жыл басынан қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы әкімдігінің «Астана жастары» ЖРО» КММ төрт бос жұмыс орындар жәрмеңкесін өткізген болатын, оған елорданың 160-тан астам жұмыс беруші, 2400-ден астам жастар мен студенттер қатысты және 1800-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды, оның барысында 250-ге жуық адам жұмысқа орналастырылды.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысуға 20-дан астам ірі жұмыс беруші өтінім берді, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Талдау және ақпарат орталығы» ШЖҚ РМК, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы, «Басқарушы компания «Қазмедиа орталығы» ЖШС, «Arena S» (Арена S), Sulpak ЖШС, «DESIDERIO» ЖШС, «Қазпошта» АҚ «Астана почтамт» АФ, «Казахтелеком» АҚ, «Астанаэнергосбыт» ЖШС және басқалары бар.
Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі барысында жұмыс берушілер өз компанияларының презентациясын өткізіп, бос вакансияларын ұсынып, өздеріне деген ең қолайлы кандидаттардың базасын қалыптастырады. Жұмыс іздеушілер, өз кезегінде компаниялардың HR-менеджерлерімен тілдесіп, сұхбаттасудан өтіп, өзін қызықтырған сұрақтарын қоя алады.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?