Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліЕлорда әуежайының ғимаратында «ұшақта бомба бар» деп айғайлаған жолаушы қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
21 тамыз сағат 10.00-де Нұр-Сұлтан қаласының әуежайындағы желілік полиция бөліміне Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы терминалының стерильді аймағында Нұр-Сұлтан – Анталья рейсіне жолаушыларды отырғызу кезінде 44 жастағы жолаушы бірнеше рет «ұшақта бомба» деп айғайлағаны туралы хабарлама түскен. Ер адам мас күйде болған.
«Әуежайдың борты мен стерильді аймағы дереу тексерілді. Оның барысында қандай да бір жарылғыш құрылғылар мен басқа да тыйым салынған заттар табылған жоқ. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен (Терроризм актiсi туралы көрiнеу жалған хабарлау) сотқа дейінгі тергеу басталды.
ҚР Қылмыстық кодексінің осы бабына сәйкес бес жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабының талаптарына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесіне орай жария етілмейді», - делінген полиция хабарламасында.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс