Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсЕсіл ауданының криминалдық полиция қызметкерлері іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқ әйел анықталды. Ол Өзбекстан Республикасының 26 жастағы азаматшасы болып шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алданған әйел күндіз Тұран даңғылының бойымен бейтаныс әйел келіп, онымен сөйлесе бастағанын айтты. Көз тиген деген сылтаумен ол тазартуды ұсынған. Содан кейін тазару жорасын жүргізген болып, алаяқтық жолмен 105 мың теңге көлемінде ақша сомасын иемденген. Біраз уақыттан кейін “мейірімді” әйелдің алаяқ екенін түсінген жәбірленуші полицияға жүгінген.
Алаяқтық фактісіне қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қаскүнемге қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Оның қазіргі уақытта елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілуге жатпайды.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды