22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыҚасиетті Рамазан айы мен Наурыз мерекесіне орай елордада көмекке мұқтаж тұрғындарға азық-түлік себеттері таратылды. Акция «Игі істер марафоны» аясында өткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шараны елорда әкімдігі Qazaq oil компаниясымен және «Астана жастары» еріктілерімен бірлесіп ұйымдастырды.
2023 жылдың наурыз-желтоқсан айлары аралығында Астанада мұқтаж азаматтарға 4000-нан астам азық-түлік жиынтығы таратылды. Бұл жолы 1000-нан астам азық-түлік жиынтығы аз қамтылған отбасылар, көп балалы аналар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, зейнеткерлер және толық емес отбасылар сияқты халықтың әлеуметтік осал топтарына таратылады. Қораптың салмағы 45 келі және барлық жүктің салмағы 45 тоннадан асады. Азық-түлік қоржынында ұн, қант, қарақұмық, күріш, макарон, балаларға арналған тәттілер сияқты қажетті тауарлар бар, - деді Астана әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек.
Бүгін көпбалалы ана Роза Сырбекова азық-түлік себеттерінің бірін алды. Ол акция ұйымдастырушыларына көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.
Қолдау көрсеткеніңіз үшін және мерекелік көңіл-күй сыйлағаныңыз үшін рақмет! Барша қазақстандықтарды келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Баршаңызға денсаулық пен ашық аспан тілеймін, - деді елорда тұрғыны.
Елордада азық-түлік себеттері жыл сайын таратылады. «Игі істер марафоны» қайырымдылық акциясы жыл соңына дейін жалғасады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев