Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерТіршілікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі iKOMEK109 бірыңғай байланыс орталығы маңызды межеге жетті ‒ 2018 жылдан бастап қала тұрғындарынан 15 миллионнан астам өтініш қабылданды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, жыл сайын орта есеппен 2,2-2,3 миллион өтініш түседі. Бұл сервистің жоғары сұранысын және азаматтардың жүйеге деген сенімін білдіреді.
iKOMEK109 елорда әкімдігінің фронт-офисі ретінде барлық 24 қалалық басқарманы, 6 аудандық әкімдікті, 24 коммуналдық қызметті, 79 лифт шаруашылығын және қаланың тұрғын үйлеріне қызмет көрсететін 1 370-тен ұйымды қамтиды.
Күн сайын iKOMEK109 операторлары түрлі сипатта 3-8 мың аралығында қоңырауларды, соның ішінде лифтте тұрып қалған адамдар, ашық құдықтар, электр кабельдерінің үзілуі және жедел араласуды қажет ететін басқа жағдайлар сияқты шұғыл қоңырауларды өңдейді.
Бүгiн, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерКеше, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келедіКеше, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі