1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіМемлекеттік кірістер департаменті көлік салығын төлемей жүрген елордалықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Астана қаласы бойынша МКД салық бойынша берешегі 1 АЕК-тен (3 450 теңге) асатын көлік иелерін қолайсыздық туындамас үшін салық берешегін толық өтеуге шақырады. Қалада полицейлер мен жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы бірлесіп, «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр.
Бүгінде жеке тұлғалардың көлік салығына берешегі – 2,1 млрд теңге. Рейд барысында 97 млн теңге өндірілді. Іс-шараны өткізу барысында Lexus, Toyota Land Cruiser, Mercedes Benz, Tundra маркалы және қозғалтқыш көлемі 4 мың текше см-ден асатын 20-дан аса көлік айыппұл тұрағына қойылды, - делінген мәліметте.
Рейд жыл соңына дейін тұрақты түрде жалғасады. Бұл ретте kgd.gov.kz сайтының және e-Salyq Azamat мобильді қосымшалары мен екінші деңгейдегі банктер көмегімен қарызды тексеруге болады.
1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?1 Қазан, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?