22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды8 мамыр күні М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрында «Әлия» спектаклі қайта сахналанды. Бұл қойылым — мәдени бірлік пен азаматтық жадының символына айналған ерекше туынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алғаш рет 6 наурызда көрерменге ұсынылған бұл спектакль көрермен жүрегіне жол тауып келеді. Қойылымның ерекшелігі — театр әртістері мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің шығармашылық тандемінде. Олар бірлесіп, адам жанын тебірентерлік көркем бейне жасады.
Жоба 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналды. Қойылым тек аңызға айналған батыр қыздың өмірін баяндап қана қоймай, қазақстандық әйелдердің ерлігіне, табандылығы мен жанқиярлығына арналған тірі ескерткішке айналды.
Басты рөлді Айжұлдыз Бақланова сомдады. Оның шынайылығы мен драмалық шеберлігі залда отырған ешкімді бейжай қалдырмады. Айжұлдыз сомдаған нәзік, бірақ қайсар Әлия бейнесі көрерменге үлкен әсер сыйлады.
Қойылымда музыкалық сүйемелдеудің де орны ерекше. Әннің жазылғанына 50 жыл толуына орай Ұлттық ұланның үлгілі оркестрі мен ерлер хоры орындаған «Әлия» әні залды ерекше көңіл-күйге бөлеп, мақтаныш, сағыныш және алғыс сезімдерін оятты.
Көрермен толы зал, тік тұрып соғылған шапалақ, көрермендердің шынайы көз жасы — мұның бәрі «Әлия» спектаклінің маңызды миссиясын жалғастырып жатқанын білдіреді. Яғни, ол батырларды еске салу, шабыттандыру және біріктіруді мақсат еткен.
Айта кетейік, бұл қойылым елорданың мәдени өмірінде ерекше орын алады.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев