12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік
22 тамызда сағат 17:30-да бірыңғай «Этнос күні» аясында елордалық «Жетісу» саябағында (Сарайшық 12/1) Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Кавказ мәдениетінің фестивалі өтеді.
Іс-шараны ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, шараның басты мақсаты – елордада тұратын түрлі этностардың өзіндік шығармашылығы арқылы Кавказдың мәдениетін, салт-дәстүрлерін және әдет-ғұрыптарын дәріптеу, қалалық этномәдени бірлестіктердің жетістіктерін көрсету.
Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындары мен қонақтарына елордалық этномәдени бірлестіктер «Хазар» әзірбайжан этномәдени бірлестігі, «Ван» армян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі, «Вайнах» шешен-ингуш» этномәдени орталығы мен «Колхети» грузин қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі концерттік ойын-сауық бағдарламасын әзірлеп отыр. «Ван» армян мәдени орталығы «Күйеу мен қалыңдықтың кездесуі» атты үйлену рәсімін, ал «Хазар» әзірбайжан этномәдени бірлестігі «Хна яхты» дәстүрін көрсетеді.
Кавказ аймағының ежелден тарихы тамыры тереңде жатыр. Оның бай мәдениеті мен өзіндік ерекшелігі бар. Кавказ халқының ерекше танымалдылыққа ие бояуы қанық ұлттық құндылықтары мен биі жұртшылыққа бесенеден танымал. Сондықтан бұл мереке аясында кавказ мәдениеті тағы бір мәрте жаңа қырынан танылмақ.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер