Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс
28 тамызда сағат 17:30-де елордалық Жетісу саябағында (Сарайшық,13/1) Конституция күні мен Еуропалық мәдениет күніне арналған Қазақстан халқы Ассамблеясының мерекелік концерті (Этнос күні іс-шаралар кезеңі аясында) өтеді.
Мерекелік концертке Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік орган өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, елордалық этномәдени бірлестіктер мен БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.
Шара барысында қоғамдық бірлестіктер мүшелерінің шығармашылық бағдарламасы бойынша арнайы нөмірлер көпшілікке ұсынылады. Өнер көрсететін шығармашылық ұжымдар қатарында «Алеф» еврей мәдени-ағартушылық және қоғамдық-саяси қоғамы», Нұр-Сұлтан қаласы мен Ақмола облысының «Возрождение» немістер қоғамы», «Злата» болгар мәдени орталығы» мен «Polacy» қоғамдық бірлестігі бар.
Ұйымдастырушылардың ақпаратына сәйкес, аталмыш шарада көрермендер еліміздегі этностардың мәдениетімен, әдет-ғұрыптарымен танысып, олардың фольклорларына терең бойлай алады.
Ол бойынша еврей, неміс, болгар мен поляктардың ғажайып жақұттары көрермендерге жіті таныстырылады. Фестиваль барысында елорда тұрғындары мен қонақтарына ұлттық билер мен театрландырылған көріністер ұсынылады. Әрі белгілі әндер шырқалады.
Еуропа мәдениеті фестивалі бір ай бойы өткен «Этнос күні» іс-шаралар кезеңін қорытындылайды.
Сахна алаңындағы киіз үй жанына «Шығыс қырлары», «Славян мәдениеті күні», «Кавказ мәдениеті күні» және «Еуропа мәдениеті күні» дәстүрлі фестивалдерінің қатысушылары жиналып, барша жұртшылыққа игі тілектерін жеткізеді.
Бүгiн, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды