23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіСағат 21-09-да өрт оқшауланды, өрттің жалпы ауданы 80 га құрады. Зардап шеккендер жоқ, өртті сөндіру жалғастырылып жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Нұра ауданында Талдыкөл көлінің маңында сортаңды жерде қамыс пен құрғақ шөп өртеніп жатыр.
Оқиға орнында ТЖ министрі Сырым Шәріпханов бар, ол ТЖ-ды жылдам жою үшін күштер мен құралдарды жедел бөлу мәселесін бақылауда ұстауда.
Елордалық өрт сөндірушілердіі 143 адамы және 21 техникасы, ЖАО-дан 11 адам және 10 суару жуғыш машина, 1 трактор және "Астана Орманынан" 10 адам және 4 техника, оның ішінде 1 трактор жұмылдырылды.
2 трактор жану периметрі бойынша жерді минералдандырып жыртуда.
Жергілікті жерде өрт сөндіру штабы жұмыс істейді.
Ауа температурасы +23 градус. Оңтүстік бағытта соққан екпінді желдің жылдамдығы 15 м/с. Тұрғын үйлер мен орман алқаптарына қауіп жоқ.
Қорғаныс министрлігінің су төгетін құрылғылары бар тікұшақтарымен 40-тан астам рет жалпы көлемі 150 тоннаға жуық су төгілді.
ТЖ министрі Сырым Шәріпхановтың өкімі бойынша Ақмола және Қарағанды облыстарының ТЖД күштері мен құралдарының қосымша тобы келе жатыр.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады