Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАстана күніне орай елордадағы Байқоңыр ауданында кешенді абаттандырылған 20 аула аумағы, 3 қоғамдық кеңістік салтанатты түрде ашылды, деп El.kz ақпарат агенттігі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, абаттандырылған аула аумақтарының бірі – Ж.Тәшенев көшесіндегі №8, 10, 12, 12/1 үйлер аумағы. Бұл аумақ «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында абаттандырылып отыр. Нәтижесінде 13 мың шаршы метр асфальт жабыны ауыстырылды. Сондай-ақ абаттандыру барысында балалар ойын алаңқайы, спорт алаңы, workout алаңы, демалыс алаңдары және қосымша автотұрақ салынды.
Айта кетсек, күні кеше Астана күніне орай Байқоңыр ауданында 3 қоғамдық кеңістік тұрғындар игілігіне тапсырылған болатын.
Жалпы жыл соңына дейін 117 (45 жаңа, 72 жөндеу-қалпына келтіру) аула аумағын абаттандыру жоспарланып отыр. Бүгінде оның 53-інде абаттандыру жұмыстары толығымен аяқталған.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?