Кеше, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Астанада Елорда күні қарсаңында «Сарайшық» ауданының мемлекеттік, коммуналдық және өзге де ұйымдарының қызметкерлері арасында футбол турнирі ұйымдастырылды. Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде өткен жарысқа ауданның 9 командасы қатысып, өзара бақ сынады.
Іс-шараның басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау және аудан мекемелері арасындағы әріптестік пен достықты нығайту.
Турнирдің ашылу салтанатында ұйымдастырушылар қатысушыларды Елорда күнімен құттықтап, жарыстың маңызына тоқталды.
Астана қалалық мәслихатының депутаты Мәдина Бекболқызы бұл турнирдің спорттық бәсекеден бөлек, ұжымдар арасындағы ынтымақтастықты арттыратын маңызды алаң екенін айтты.
Бұл жарыс – тек спорттық бәсеке ғана емес. Ол қарқынды дамып келе жатқан, заманауи келбеті мен ерекше рухы үйлескен Сарайшық ауданындағы мекемелер мен ұйымдарда еңбек ететін білікті мамандардың басын қосып, өзара сыйластық пен ынтымақтастықты нығайтатын маңызды іс-шара. Барлық қатысушыларға сәтті ойын, жарқын жеңіс және әділ бәсеке тілеймін. Ең бастысы – достық пен бірлік жеңіске жетсін, – деді ол.
Өз кезегінде Сарайшық ауданы әкімінің орынбасары Шұғыла Құдайберген мұндай бастамалардың алдағы уақытта дәстүрлі сипат алатынын жеткізді.
Баршаңызды келе жатқан Елорда күнімен құттықтаймын. Бүгінгі турнир – ауданымыздағы ұйымдардың басын қосқан алғашқы спорттық бастамалардың бірі. Мұнда білім беру ұйымдарының қызметкерлері, коммуналдық сала мамандары, құрылыс компаниялары мен мемлекеттік органдардың өкілдері жиналып отыр. Барлығымыз бір жылдан астам уақыт бұрын құрылған ауданымыздың дамуына өз үлесімізді қосып келеміз. Осындай кездесулер әріптестер арасындағы байланысты нығайтып, бірлікті арттыра түседі деп сенемін. Барлық қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тілеймін, – деді әкім орынбасары.
Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Азамат Әлжанұлы да турнирдің бұқаралық спортты дамытудағы рөлін ерекше атап өтті.
Осындай жарыстар мемлекеттік қызметкерлер мен түрлі сала мамандарының өзара қарым-қатынасын нығайтып қана қоймай, спортты кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді. Турнирді ұйымдастырған Сарайшық ауданы әкімдігіне және қолдау көрсеткен Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінің ұжымына алғысымды білдіремін. Барлық командаға сәттілік тілеймін, – деді ол.
Іс-шара барысында өнерпаздар арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, турнирдің мерекелік көңіл күйін арттырды.
Жарысқа қатысушылар да мұндай бастамалардың жиі ұйымдастырылғанын қалайтындарын айтты.
Сарайшық ауданы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіруші-құтқарушысы Марат Нұржан мұндай жарыстар қызметкерлердің физикалық дайындығын шыңдауға ықпал ететінін жеткізді.
Біз мұндай жарыстарға тұрақты қатысамыз. Біздің жұмысымыз әрдайым жақсы физикалық дайындықты талап етеді. Сондықтан спортпен тұрақты айналысып, түрлі турнирлерге қатысу біз үшін маңызды. Осындай іс-шаралар көп болса екен дейміз. Ұйымдастыру деңгейі өте жоғары, – деді құтқарушы.
Ал №66 «Толағай» және №67 «Шұғыла» балабақшаларының дене шынықтыру нұсқаушысы Бағлан Асқаров жарысқа арнайы дайындықпен келгендерін айтты.
Осындай жарысты ұйымдастырған Сарайшық ауданы әкімдігіне алғысымызды білдіреміз. Мұндай турнирлер жиі өтсе, біз әрқашан қатысуға дайынбыз. Өз командамыз бар, бүгін жеңіске жету үшін жақсы дайындалдық. Бұйырғаны болады деп сенеміз, – деді ол.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай спорттық бастамалар алдағы уақытта дәстүрлі түрде өткізіліп, аудан тұрғындары мен мекеме қызметкерлерін ортақ құндылықтар төңірегінде біріктіретін игі жобаға айналмақ.
Кеше, 17:35
Әйелді ерте қартайтатын төрт гормон: олардың ағзаға әсері қандай?Кеше, 12:33
Grand Prix: Ғұсман Қырғызбаев пен Хифуми Абе финалда күреседі25 Маусым, 17:11
«Мәңгілік жасайтын өлең – шындықпен жазылған өлең»: ел сүйген «Бала Жамбыл» қайда жүр?23 Маусым, 16:14
Жазда шаш үлгісіне сән беретін ерекше әшекейлер