Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қырыНұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында Отау шағын ауданының тұрғындарымен кездескенін мәлім етті, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Кеше экоайлық аясында «Бірге таза Қазақстан» және «Дүниежүзілік тазалық күні» атты бүкіләлемдік экоакциясы бойынша жалпықалалық сенбілік басталды. «Отау» шағын ауданының тұрғындарымен бірге ағаш отырғыздық. «Отауда» (Алматы ауданы, Метро жағы) жеңілдетілген қолжетімді тұрғын үй шағын ауданын салдық. Енді шағын ауданды одан әрі дамыту бойынша атқарылар жұмыс бар.
Кездесуде қала тұрғындары бірқатар проблеманы қозғады. Олардың арасында әлеуметтік нысандар құрылысы (мектептер, балабақшалар, емханалар және т.б.), ауданды абаттандыру (аула аумақтары), қосымша автобус маршруттарын іске қосу, жылы аялдамалар орнату, жол салу және жөндеу, интернет сапасын жақсарту, құрылыс салушы тарапы жіберген кемшіліктер, сол сияқты кәріз жұмысы, сауда азық-түлік дүкенін ашу және т.б. мәселелер болды.
Мәселен, шағын ауданда екі мектеп салу жоспарланған. Өздеріңіз білетіндей, қазір ірі мектептердің құрылысына көшіп жатырмыз. Осылайша бір мектеп 4 мың оқушыға (2 ауысымда) арналады. Қазір жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жұмысы жүріп жатыр.
Сонымен қатар, егжей-тегжейлі жоспарлау жобасында балабақша құрылысы қарастырылған. Бұдан бөлек гипермаркет құрылысына да арналған жер телімі бар.
Келіп түскен мәселелер бойынша тиісті жұмыс қолға алынды: бірқатарын қысқа мерзімде шешеміз, ал жүйелі мәселелер көбірек уақыт қажет етеді. Осы бағыттағы жұмыстарды орындау кестесін құрамыз», – деп жазды елорда әкімі.
Кеше, 13:39
Көк тудың артында тұрған тағдыр: Шәкен Ниязбековтің көпшілік біле бермейтін қыры7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?