13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз
XXVI концерттік маусым шымылдығын Еркеғали Рахмадиев атындағы МАФ Қазақ оркестрі қазақтың аты аңызға айналған күміс көмей әншісі Күләш Байсейітованың 110 жылдық мерейтойына арналған «Бұлбұл» атты концертімен ашты, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Кеш бағдарламасында Динаның «Әсем қоңыр», Жамбылдың «Күләшқа» әні, Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсынан «Гәкку», Латиф Хамидидің «Қазақ вальсі» мен «Бұлбұл», Мұқан Төлебаевтың «Біржан мен Сара» операсынан айтыс, «Абай» операсынан Ажар ариясы, «Қыз Жібек» операсынан «Шегенің термесі» орындалды.
Концертте Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткерлері – Арайлым Рахымқызы, Светлана Айтбаева, Сүндет Байғожин, Бибігүл Жанұзақ, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты – Алтынбек Әбілда, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары – Феруза Рахметова, Әйгерім Аманжолова, Әйгерім Ораз, Талғат Аллабиринов, Ботагөз Тәшімова өнер көрсетті.
Қазақ оркестрінің бас дирижері – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, профессор Айтқали Жайымов. Дирижер – мәдениет қайраткері Нұрлан Бекенов.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды