Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астана емханаларында пилотты режимде жедел медициналық көмек бөлімшелері ашылды, деп хабарлайды El.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Қалалық №4, №5 және №10 емханаларда жыл басынан жедел медициналық көмек бөлімшелері іске қосылды.
Негізгі мақсат – стационардағы дәрігерлер жүктемесін азайту және шұғыл алғашқы көмек қолжетімділігін арттыру.
Біздің бөлімше жұмыс күндері сағат 8:00-ден кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Мұнда травматолог пен хирург, терапевт дәрігерлер қабылдау жүргізеді, шұғыл қажет болған жағдайда науқастарға стационарда кезек күтудің қажеті жоқ. Фильтр кабинетте жоғары дене қызуы, мұрыннан су ағу сынды маусымдық ЖРВИ, өзге де инфекция белгілерімен, ал қалған науқастарды шұғыл алғашқы медициналық көмек бөлімі қабылдайды, - дейді №10 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Арман Әлібеков.
Айта кетейік, жедел жәрдем көмегіне жүгінетін науқастар денсаулық жағдайына қарай 4 санатқа бөлінеді. Өмірге және денсаулыққа қаупі бар тізімге алғашқы 3 категория жатады. Енді 4-санаттағы науқастар, яғни өміріне аса қауіп төнбей, созылмалы аурулары асқынған немесе жедел өткір ауруларға тап болған тұрғындар тікелей емханаға барып, медициналық көмек ала алады.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік