Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Елорданың Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр, дегенмен, кейбір рейстер кешігіп жатыр. Бұл туралы El.kz ақпараттық агенттігі әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазіргі кезде ұшып келуі тиіс 13 рейс, ұшып кететін – 6 рейс кешігіп жатыр.
Рейстердің кешігуіне ауа райы жағдайы мен осыған байланысты әуе кемелерінің кеш ұшуы себеп болған.
Әуежайда, соның ішінде ұшып-қону жолағында қар тазалау жұмысы үздіксіз жүріп жатыр.
Жолаушылар соңғы ақпаратты call-орталықтардан, сондай-ақ анықтама бөлімдерінен ала алады.
Еске сала кетсек, бұған дейін желтоқсан айында да елорда әуежайында қолайсыз ауа райынан ұшақтар кешіккен еді.
Кеше Астана әкімдігі 35 градус аяз болатынын ескертіп, тұрғындарды абай болуға шақырды.
Кеше, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Кеше, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік