Бүгiн, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Астана әкімі Жеңіс Қасымбек желідегі парақшасында қала көшелеріне асфальт сапасыз төселгенін сынап, жазба қалдырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Көктем мезгілінің басталуымен кейбір көшелерде асфальт қармен бірге ағып кеткендей әсер қалдырады. Жолдардың бәрі дерлік сапалы салынбаған. Тұрғындар тарапынан да шағымдар түсіп жатыр. Жауапты басқарма жол қызметкерлерімен бірлесе жөндеуден өтетін жолдар мен көшелердің сапасын әрі ұзаққа шыдамдылығын қамтамасыз етуі керек, - деп жазды әкім.
Сондай-ақ, биыл жөнделетін көшелердің тізімін ол халықтың өтініші негізінде жаңартатытын атап өтті.
Өтініштерді ескере отырып, көшелер тізімін жаңарту қажет. Ең алдымен, қозғалысы қарқынды, жаңа әлеуметтік нысандары (кірме жолдар) бар орындарды жөндеу қажет. Сол сияқты елді мекендерде бұрын мүлдем асфальтталмаған көшелер де бар. Ал жаңадан салынып жатқан аудандарда инженерлік инфрақұрылымы мен үйлердің құрылысы біткеннен кейін ғана жолдары салынады. Оған дейін уақытша төсеммен қамтамасыз ету қажет. Жол жұмысының маусымы қысқа. Сол себепті уақыт та тығыз. Біз сапасыз орындалған жұмыстарды қабылдамаймыз, - деді Жеңіс Қасымбек.
Бүгiн, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бүгiн, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік