23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмон алдағы күндері жоспарланған бірқатар ірі шараға қатысу үшін елімізге келді, деп хабарлайды El.kz.
Аса мәртебелі қонақты елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
Тәжікстан Президенті Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі VI саммитке, ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысына және «Орталық Азия – Ресей» саммитіне қатысады.
12-13 қазанда Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді, оған барлығы 50-ге жуық делегация қатысады.
14 қазанда елордада ТМД мемлекет басшылары кеңесінің отырысы өтеді, оның аясында ұйым қызметінің негізгі мәселелері талқыланады. Отырысқа Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Түрікменстан, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары қатысады.
Сонымен қатар 14 қазанда Астанада «Орталық Азия – Ресей» саммиті өтеді. Онда сауда, мәдениет, қауіпсіздік және т.б. салалардағы өңірлік ынтымақтастық мәселелері талқыланады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік