Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыEl.kz порталының тілшісі Ажар Лаубаева мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге және қазақ тіліндегі сапалы медиаконтентті дамытуға бағытталған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауында жеңімпаз атанды.
Байқау қазақ тілінің мәртебесін арттыру, мемлекеттік тілде кәсіби журналистік материалдар әзірлейтін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін ынталандыру және үздік медиажобаларды насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Биылғы байқауға республиканың түкпір-түкпірінен журналистер қатысып, мемлекеттік тіл тақырыбын түрлі жанрда көтерген материалдарын ұсынды. Қатысушылардың жұмыстары мазмұны, өзектілігі, тілдік сапасы және журналистік шеберлігі тұрғысынан бағаланды.
El.kz тілшісінің байқауда жеңімпаз атануы – редакция ұжымының мемлекеттік тілдегі сапалы контент әзірлеуге және қазақтілді аудиторияға өзекті ақпарат ұсынуға бағытталған жұмысының нәтижесі.
Журналистика саласында мемлекеттік тілдің қолданысын кеңейту – ақпарат құралдарының маңызды міндеттерінің бірі. Осы бағытта El.kz редакциясы қоғамдық маңызы бар тақырыптарды қазақ тілінде жедел әрі сапалы жариялап, отандық медиакеңістіктің дамуына үлес қосып келеді.
«Мемлекеттік тіл және БАҚ» байқауындағы жеңіс El.kz ұжымының мемлекеттік тілдегі журналистиканы дамытуға деген ұстанымын айқындай түседі.
Редакция жеңімпаз әріптесін жетістігімен құттықтап, шығармашылық табыс тілейді!
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары