Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған "Таза Қазақстан" ұлттық жобасы елімізде экологиялық мәдениетті қалыптастыруға тың серпін берді. Осы бастама аясында EL.KZ ақпараттық агенттігі "Экоlife" атты жаңа экологиялық жобаны іске қосты.
Бұл жоба — қоршаған ортаны қорғау, экологиялық сауаттылықты арттыру және жас ұрпаққа экосана қалыптастыру мақсатында әзірленген тың платформа.
"Экоlife" жобасы аясында еліміздің экологиялық ахуалы, табиғатқа зиян келтірмеу жолдары, күнделікті өмірде жасыл өмір салтын ұстанудың тәсілдері кеңінен насихатталады. Жоба арқылы оқырмандар пластикті азайту, суды үнемдеу, ағаш отырғызу, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау секілді қарапайым, бірақ маңызды әдеттерді меңгеруге мүмкіндік алады.
Сонымен қатар, жоба экологиялық еріктілер қозғалысын, жергілікті бастамаларды, жасыл технологияларды дамыту және "жасыл экономика" принциптерін қолдауға арналған түрлі материалдармен толықтырылып отырады. EL.KZ порталында арнайы айдарлар ашылып, сарапшылармен сұхбаттар, бейнематериалдар, инфографикалар мен блогтар жариялануда.
"Экоlife" — бұл болашақ ұрпаққа таза және жайлы орта қалдыруға бағытталған ортақ іс. Табиғатты қорғау — әр азаматтың борышы. Осы бастама арқылы қоғамды біріктіріп, экологиялық жауапкершілікті арттыру — басты мақсат.
Кеше, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова