Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліҚазақстанға ресми сапармен Біріккен күрес әлемі (UWW) президенті Ненад Лалович келді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәртебелі мейманды Астана халықаралық әуежайынан ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев қарсы алды.
Ненад Лалович елімізге сапары барысында елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенін, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайын аралап, Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысады деп жоспарланған. Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшысымен кездеседі.
Н.Лаловичтің Қазақстанға келуі отандық күрес спорты үшін аса маңызды оқиға. Қазіргі таңда қазақстандық палуандар халықаралық аренада көптеген жетістікке қол жеткізіп, әлем чемпионаты мен Олимпия ойындарында жүлде алып жүр, - деп жазылған министрлік таратқан мәліметте.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс