Елімізге шетелдік көліктерді әкелумен айналысатын қылмыстық схемалар пайда болды – Тоқаев

30 Маусым 2023, 12:36 802

Қазақстанда шетелдік көліктерді әкелумен және оны есепке қоюмен айналысатын қылмыстық схемалар пайда болды. Бұған полицияның да қатысы бар.

Осылай деген Мемлекет басшысы ІІМ-ге осы мәселемен тыңғылықты айналысуды тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Одан қалды ел аумағына ретсіз әкелінген шетелдік көліктер де жолдағы жағдайды ушықтырып жібергенін айтты. Себебі тіркеусіз жүрген көлік жүргізушілері жол жүру ережесін өрескел бұзып, көбіне жазасыз қалып келген.

Оқи отырыңыз:

Уәкілетті мемлекеттік органдардың үстірт шешімі осындай көліктердің елге жаппай әкелінуіне себепші болды. Енді жіберілген олқылықтарды түзеуге мәжбүр болып отырмыз. Оның ішінде Ішкі істер министрлігінің де қателіктері бар. Бұдан бөлек, шетелдік көліктерді әкелумен және оны есепке қоюмен айналысатын қылмыстық схемалар пайда болды. Оған полиция қызметкерлерінің де қатысы бар. Әділетті әрі құқықтық мемлекетте бүкіл құқық қорғау жүйесінің атына кір келтіретін мұндай заңсыздықтарға жол берілмеуі керек.

Сондықтан құқық қорғау органдары осы саладағы мамандармен және азаматтық белсенділермен бірлесіп, аталған мәселемен жан-жақты айналысуы керек, - деді Президент.

Мадина Асылбекова
Бөлісу: