7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2025 жылдың 13 қазанында өткен халықаралық конференцияда елімізге келетін медициналық туристер ағынының артқанын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оның айтуынша, соңғы бес жылда Қазақстанға емделу мақсатында келушілердің саны айтарлықтай өскен.
Бар болғаны бірнеше жыл бұрын біз медициналық туризмнің әлеуеті туралы ұстамды түрде айтып жүрдік. Ал бүгінде бұл әлеует нақты нәтижеге айналды деп нық сеніммен айта аламын. Соңғы бес жылда – 2021 жылдан бері елімізге келетін туристер легі бес еседен астам өсті. Солардың қатарында медициналық туризм де қарқынды дамуда. Бұл сандардың артында сұраныс географиясындағы нағыз революция тұр. Әлемдік карта өзгеріп келеді, ал Қазақстан онда медициналық туризм орталығы ретінде өз орнын нықтап алды, - деді Әлназарова.
Министрдің мәліметінше, Қытайдан келушілер саны 24 есе, ал Үндістаннан келушілер 40 есе артқан.
Біздің басты бәсекелесіміз әрі тәжірибе үлгісі саналатын Түркиядан келетін туристердің ағыны да үш есе көбейді, - деп қосты Ақмарал Әлназарова.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?