Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыОқу-ағарту министрлігінің қолдауымен Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Үздіктен үйрен» жобасын қолға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.
Негізгі мақсат «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздарының озық педагогикалық тәжірибесін көпке таныту.
Жоба аясында «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздары өздерінің педагогикалық тәжірибесі, сабақ өткізу әдісі, оқыту нысандары, құралдарымен бөліседі. Жас мұғалімдер мен «Үздік педагог» конкурсына қатысушыларға арналған бейне дәрістер, тәлімгерлік мектебі және әдістемелік сүйемелдеу жұмыстары ұсынылды.
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Мадина Тыныбаеваның айтуынша, жобаны іске асыру жас педагогтердің кәсіби қызметін қолдауға, сондай-ақ тәжірибелі мұғалімдердің біліктілігін арттыруға ықпал етеді. Барлық материалдарды #uzdiktenuiren хэштегі арқылы көруге болады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек