30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАстана, Алматы және Қарағанды қалаларына «Еңбек даңқы қаласы. 1941–1945 жылдар» құрметті атағы беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Мұндай шешім ТМД-ның Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысында қабылданды. Атақ Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында беріледі. Бұл құрметке ТМД-ға мүше басқа да қалалар ие болмақ
Соғыс жылдарында Астана (ол кезде – Ақмола), Алматы және Қарағанды қалаларындағы кәсіпорындар әскери және азаматтық өнімді үздіксіз шығарып отырды. Халық ерен еңбек ерлігі мен жанқиярлық танытты. Осыған байланысты бұл қалаларға «Еңбек даңқы қаласы» атағын беру туралы шешім қабылданды.
Аталған қалаларда жаңа мәртебе туралы ақпарат пен қаланың елтаңбасы бейнеленген арнайы стелалар орнатылады. Бұған дейін Қазақстан тарапы ТМД-ның Гуманитарлық ынтымақтастық кеңесіне ресми өтініш жолдаған болатын. Бұл ұсыныс 11 сәуірде Алматыда өткен кеңестің отырысында мақұлданды.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды