7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?Душанбеде Азия Олимпиадалық кеңесінің Аймақтық форумы – «Олимпиадалық ынтымақтастық–2025» жобасының екінші кезеңі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Форумға Орталық және Батыс Азияның 19 Ұлттық Олимпиадалық комитетінің өкілдері қатысты. Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінен форумға бас хатшы Әлімжан Ақаев, бас директор Нұрлан Нөгербек және халықаралық қатынастар департаментінің директоры Анар Сыздықова қатысты.
Форум бағдарламасы 2026 жылы Аичи–Нагояда өтетін Азия ойындарына, 2025 жылы Бахрейнде өтетін жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарына, сондай-ақ 2026 жылы Эр-Риядта өтетін жабық кешендегі және жауынгерлік өнер түрлерінен Азия ойындарына дайындық мәселелерін қамтыды.
Сонымен қатар Халықаралық Олимпиадалық комитеті ұсынған 2025–2028 жылдарға арналған Олимпиадалық ынтымақтастықтың жаңа бағдарламаларына ерекше назар аударылды. Жиын барысында спортшылар мен жаттықтырушыларды қолдау, ҰОК-ті дамыту және олимпиадалық құндылықтарды ілгерілету мәселелері де қаралды.
Іс-шара аясында Тәжікстан ҰОК Азия Олимпиадалық кеңесінің “Барлығына арналған Азия ойындары” бағдарламасы аясында бұқаралық Fun Run жүгіру жарысын ұйымдастырды. Бұл бастама құрлықтық басты спорттық шараны насихаттап, салауатты өмір салтын дәріптеуге бағытталған.
Айта кетейік, бұл форум аймақтағы олимпиадалық қозғалысты дамыту, тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайту тұрғысынан маңызды алаң болды.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?